Бөтен ортаға түскенде, бәріміз «біреу жолықса екен, өзімізді жалғыз сезінбесек екен» деп бірден таныс бейнені іздейміз. Қызығы, осы сезім адамдарда ғана емес, тау гориллаларында да болады екен.
Ғалымдар 20 жыл бойы олардың өмірін зерттеп, аналық гориллалар жаңа топқа қосыларда тек бұрыннан таныс аналықтары бар топты іздейтінін анықтаған. Себебі таныс дос оған жаңа ортада тірек, қорған болып, сенімділік сыйлайды. Тіпті арада жылдар өтсе де, гориллалар бұрынғы достарын еш ұмытпайды екен.