• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Партия 14 Тамыз, 2025

Мәжіліс депутаты Талдықорғандағы аккумулятор зауытында болды

240 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Жетісу облысы, Талдықорған қаласына іссапармен келді. Сапар барысында Азат Тұрлыбекұлы жақында ашылған өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын заманауи «ASMA Industrial» зауытының өндіріс барысымен танысты. Зауыттың жұмыс барысымен, зауыттың Бас директоры Серікбай Ажмағамбетов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 тамыз 2025 жыл ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Жетісу облысы, Талдықорған қаласына іс сапармен келді.

Сапар кезінде Азат Тұрлыбекұлы,  жақында ашылған  өнеркәсіп аккумуляторларын өндіретін «Asma Industrial» заманауи зауытының өндіріс барысымен зауыттың әкімшілік директоры Дидар Санатов таныстырды.  Іс-сапарға ,Ақжол ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев,  Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Қажи Қайыр Қабланбайұлы,Текелі қалалық маслихатының депутаты Бекбатыров Берік Кәрімұлы жәнеде Ақжол партиясының Жетісу облыстық филиалы мүшелері қатысты.

      «ASMA Industrial» зауыты электротехника өнімдері, энергетика, телекоммуникация, ЖЭК-те электр энергиясын жинақтау, автомобиль, тепловоздардың қозғалтқыштарын іске қосуға негізгі - резервтік қуат көзі ретінде қолданылатын аккумуляторлар шығарады.

Атап айтқанда:

- Сұйық электролитпен жұмыс істейтін қорғасын және басқа да аккумуляторлар;

- Қорғасын, бітеу аккумуляторлар;

-Электрокар, тиегіштерге тартқыш ретінде қолданылатын қорғасын-қышқыл, бітеу, гелий электр аккумуляторлары;

- Поршенді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын электр, қорғасын батареялары бар;

Бұл, Жетісу облысына маңызды инвестициялық жоба. Қазіргі таңда 180 жаңа жұмыс орны ашылатын жобаға 10 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылған. Бұл жобаға барлық қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілген. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 260 млн теңгеге инженерлік желілер тартылды.

Кездесу барысында партия төрағасы Азат Перуашев: шикізат өнімін жеткізуде, салық және де бірқатар мәселелер жайында сұрақтар қойды.  Әсіресе, шикизат өнімінің жеткізу мәселесін ерекше атап өтті. Әкімшілік директор, негізгі зауыт бойынша кедергілер туындамады. Шикізат өнімі уақытылы жеткізілетінін айтты. Болашақта кәсіпорын жылына 210 000 дана өнім шығарады деп жоспарлап отыр. Сонымен қатар 180 адам жұмыспен қамтылатынын айта кетті.