Бас прокуратура 6 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген күдіктіні Ресейден Қазақстанға экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Оның үстінен 2014 жылы Павлодарда аса ірі көлемде – 66 келі марихуана мен 8 келі гашишті заңсыз тасымалдау және сату фактісімен қылмыстық іс қозғалған еді.
2015 жылы сот оны ақтап шығарса да, прокурордың шағымынан кейін бұл үкім жарамсыз деп танылып, күдіктіні 10 жарым жылға бас бостандығынан айыру жөнінде жаңа үкім шыққан болатын.
Алайда соттан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған күдікті Мәскеуде ұсталған соң елге жеткізілді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында жазасын өтеуге дайындалып жатыр.