Үкімет Президенттің тапсырмасы аясында нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрды, деп жазады Egemen.kz.
Штабқа Премьер-министр басшылық етеді. Басшының орынбасарлары ретінде Премьер-министрдің орынбасары және ішкі істер министрі айқындалған.
Республикалық штаб мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру, алдын алу шаралары кешенін жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру сынды негізгі міндеттерді атқарады.
Сондай-ақ оның құрамына Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар жауапты министрлік басшылары енген.Премьер-министрдің өкімімен облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру жоспарланған.