• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 09:12

Алматы метросының жаңа бағыты іске қосылмақ

20 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Алматы метрополитенінің бірінші желісінің құрылыс барысымен танысты. Кешен «Бауыржан Момышұлы» стансасынан «Қалқаман» стансасына дейінгі учаскеде орналасқан.

Дайын учаскелерді аралап, тоннель, қазу және жол төсеу технологиясымен, сондай-ақ құрылыс қарқынымен танысқан сенатор жаңа метро стансалары Алматының көлік кептелісін ретке келтіретініне сенімді.

«Алматы көшелеріндегі кептелістер қала тұрғындарының уақытын алары сөзсіз. Метро бұл жүктеменің едәуір бөлігін азайтып, қаланың түрлі аудандарына жылдам әрі қолайлы қатынауды қамтамасыз етеді. Бұл жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес,  ол мегаполистің өмір сапасы мен экономикалық белсенділігіне тікелей әсер ететін қадам», деді С.Мәкежанов.

Сондай-ақ сенатор Алматы қала­сы Қоғамдық кеңесінің төр­ағасы­мен кездесіп, қаланың әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы­ның негізгі мәселелерін, тұрғын­дардың өмір сапасын арттыру шара­ларын, сондай-ақ жедел шешуді қажет ететін проблемаларды талқылады.

Бұдан бөлек, «Әлеуметтік қызметтер үйіне» барып, әлеу­меттік қызметтер сапасын арттыруға, халықты қолдау жүйесін дамытуға және әлеу­меттік даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталған мекеме­нің қызметін көрді. Қала тұрғын­дарымен кездесу барысында сенатор тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту, білім беру және денсаулық сақтау мәселелерін талқылап, ұсыныстарын тыңдады. Ол билік пен азаматтардың тиім­ді өзара іс-қимылы өзекті мәсе­лелерге нақты әрі уақтылы шешім табуға мүмкіндік беретінін айтты.