• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:47

Қызылжар ауданында жаңа әкім сайланды

30 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында тікелей дауыс беру арқылы Бейбіт Исманов аудан әкімі болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1971 жылы туған Бейбіт Қайыркешұлы Исмановтың өскен жері Солтүстік Қазақстан облысы. Оның ата-анасы елге белгілі азаматтар. Бұған дейін ол 2002 жылдан бері мемлекеттік қызметте, Петропавл қаласы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы, облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы сатыларынан өткен. 2018-2020 жылдары ол Айыртау ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Одан әрі бес жыл бойы облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы міндетін атқарды. Осы айдың басында ол Қызылжар ауданының әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалған.

Жоғары білімді Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінен және Мәскеудің Гуманитарлық институтынан алған. Сонымен бірге Ресей Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын бітірген.

Аумақтық сайлау комиссиясының деректеріне қарағанда тіркелген барлық 31661 сайлаушының 17815 адам сайлауға қатысып, соның 11771 Б.Исмановқа дауыс берген. Ал оның қарсыластары Санат Әубәкіров – 2549, Асқар Хабибуллин – 1671 дауыс жинаған. 1310 сайлаушы «барлығына қарсымын» деп дауыс берген.