• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 13:57

Қазақстан 46 елден қылмыстық дәлел ала алады

20 рет
көрсетілді

Биыл еліміз шетелден қылмыстық істер бойынша дәлелдер алу мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Бұл туралы бүгін Бас прокуратура хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мәліметке сүйенсек, қайтарылған активтер жөніндегі комитет 2025 жылы ел бюджетіне 354 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарды. Бұл қаражат әлеуметтік мақсаттарға бағытталып, елде 400-ден астам жаңа нысан – мектептер, ауруханалар және басқа да маңызды инфрақұрылымдар салуға жұмсалады.

Халықаралық ынтымақтастық саласында бірқатар маңызды келісімдер ратификацияланды. Атап айтқанда, Катармен қылмыстық істер бойынша экстрадиция және құқықтық көмек туралы келісімдер бекітілді. Сондай-ақ Кипрмен сотталған адамдарды беру туралы келісім күшіне енді.

Маңызды қадамдардың бірі – 2025 жылдың маусымында Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті Қазақстанның Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияға қосылу өтінішін бірауыздан қолдады. Бұл құжатқа қосылу Қазақстанға 46 еуропалық елден қылмыстық істер бойынша дәлелдер мен деректерді тікелей алу құқығын береді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама халықаралық қылмыстармен күресті күшейтіп, шетелде жасырылған активтерді қайтару процесін жеделдетеді.