• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жастар 12 Тамыз, 2025

Жыл соңына дейін студенттерге 29 жатақхана пайдалануға беріледі

40 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының студенттерді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде биыл 10 439 орындық 29 жатақхананы (ЖОО студенттеріне 8 325 орындық 20 жатақхана, колледж студенттеріне 2 114 орындық 9 жатақхана) іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде 4 жатақхана пайдалануға берілді. Олар – Астанада 2 876 орындық 2 жатақхана және Түркістан қаласында 652 орындық 2 жатақхана.

Оқу жылының басына дейін 4 228 орындық 19 жатақхана ашылады деп күтіліп отыр. Олар – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Алматы, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары.

Одан бөлек, 2025 жылдың соңына дейін 2 683 орындық 6 жатақхана іске қосылмақ. Оның ішінде 5 жатақхана Алматы қаласында және 1 жатақхана Астана қаласында.