• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 16:20

Түркияда тағы да жер сілкінді

40 рет
көрсетілді

Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан бір адам көз жұмды. Құтқарушылар оның денесін қираған ғимараттың үйіндісінің астынан алып шыққан, деп жазады Egemen.kz жергілікті Hürriyet басылымына сілтеме жасап.

Елдің ішкі істер министрі Әли Ерликая марқұмның жасы 81-де болғанын растады.

Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 300-ден астам маман және 79 арнайы техника жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, 10 тамызда Түркияның батысында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 19:53-те сезілген. Эпицентрі Балыкесир провинциясындағы Сындыргы ауданында орналасып, тереңдігі шамамен 11 шақырым болған.

Сондай-ақ өңірде 20-ға жуық әлсіз қайталама дүмпу тіркелген.