• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Абай Бүгін, 11:20

Абай Құнанбаевтың ерекше портреті жасалды

30 рет
көрсетілді

Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ерекше инсталляция ұсынылды – ұлы ақынның портреті 3000 Рубик текшесінің көмегімен жасалды, деп жазады Egemen.kz.

Орталық екі күн бойы «Абай әлемі» атты мазмұнды мәдени іс-шаралар алаңына айналды. Көпшілік назарына шығармашылық қойылым мен поэзиялық кештер ұсынылды. Ауқымды жобаның бірі – Рубик текшелерінен құралған алып портрет болды. Биіктігі 3 метр, ені 2 метр бірегей туындыны спидкубер жастар небәрі 5 сағат ішінде жинап шықты.

«Біз тек көрнекі инсталляция емес, терең мағынасы бар арт-объект жасауды көздедік. Рубик текшесі – логика мен шығармашылықты тоғыстыратын өнер. Осы арқылы көрерменге ұлттық болмысты заманауи тәсілмен жеткізгіміз келді», деді  жобаның бастамашысы Әлихан Ертұрсын.

Көркем туындыны ойын-сауық орталығына келген мыңдаған адам тамашалап, жастардың креативті ойлау қабілеті мен өнеріне оң бағасын берді. Инсталляция тек шығармашылықты емес, ұлттық мұраға деген құрметті де  айқын көрсетті. Абай және оның мың салалы шығармашылығы ұрпақпен қайта жаңғырып, жалғасын осылай тауып жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша да, бұл – Абай мұрасын жаңаша қырынан танытуға жасалған тың қадам. Мақсат – шығармашылықты дамыту, ұлттық сана мен елдік болмысты жастардың тереңірек ұғынуына себепкер болу. Жастардың бұл ізгі ойының орындалғанына мың-сан көрермен куә.