• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:30

Қазақстанда 40 градусқа дейін ыстық болады

40 рет
көрсетілді

Қазгидрометтің мәліметінше, 11 тамызда республиканың басым бөлігінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады, бірақ кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін. Жел республика өңірлерінің басқа бөліктерінде де күшейеді. Елдің солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі, ал оңтүстігінде – шаңды дауыл болады.

+41°С-қа дейін ыстық келесі өңірлерде болады:

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында +40 °C-қа дейін.

Алматы облысы мен Жетісу облысында +35…+37 °C.

Ұлытау облысында +35…+36 °C.

Алматы облысының жекелеген аудандарында күндіз +41 °C-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының батысы мен шығысында, Қызылорда облысының солтүстік жартысында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Жетісу облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан, Маңғыстау, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысы, Қызылорда облысының оңтүстік жартысы, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысы, Атырау облысының шығысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі, Қостанай, Қарағанды облыстары мен Ұлытау облысында, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі күтіледі.