• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 10:13

Өскемен тұрғыны күйеуін қуып жүріп пышақтап өлтірді

40 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының материалына сәйкес, облыс орталығының тұрғыны күйеуіне алты жерден, оның ішінде жүрегіне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскемендегі жеке үйлердің бірінде отбасы дастарқан жайып, отырыс жасаған. Ерлі-зайыпты ішімдік ішкен, ал үйде ақыл-есі кем, төсекке таңылған әйелдің әкесі де болған.

«Қарт денсаулығына байланысты үнемі күтімді қажет еткен, бұл күйеу баласын қатты ашуландырған. Күндізгі сағат екілер шамасында зейнеткер төсекте жатып еріксіз дәрет сындырған. Ер адам оған айқайлай бастайды. Қызы әкесіне араша түскен, бірақ күйеуі агрессия көрсеткен», - деп жазды басылым.

Жанжал шығып, әйел ас үйге барып, сол жерден пышақ алған. Ол алғашқы соққыны күйеуінің кеуде тұсынан жасаған. Содан кейін жүрек тұсынан тағы төрт рет ұрады, ал қашып кетпек болғанда, оны қуып жетіп, арқасынан алтыншы рет ұрған.

Жәбірленуші сол жерде көз жұмды – пышақ жүректі, бауырды, өкпені зақымдаған.

Тергеу анықтағандай, кісі өлтіру алкогольдік масаң күйде жасалған, араздық жылдар бойы жинақталған. Айыпталушы өз әрекетінің салдарын біліп, ойын соңына дейін жеткізген.

Кісі өлтіргеннен кейін ол полиция шақырған. Үкім шығару кезінде сот кінәсін мойындағанын, соттылығының жоқтығын және асырауында қарт әкесінің болуын ескерді. Осыған қарамастан әйел сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.