• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімінің себебі анықталды

20 рет
көрсетілді

Прокуратурада марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтатылу себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген.

«Жиналған дәлелдер, сараптамалық қорытындылар және өзге де материалдар негізінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімі өз-өзіне қол жұмсау (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері анықталған жоқ. Сондықтан биылғы 17 маусымда сотқа дейінгі тергеу органы ҚПК талаптарына сәйкес акт негізінде істі тоқтатты», – деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.  

Алматы облысы.