• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 11:13

БҚО-да экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілген

50 рет
көрсетілді

Жыл басталғалы «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау және шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберген. Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 және Орал-Көшім арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілген, деп жазады Egemen.kz.

Сонымен қатар филиал диқандармен суару суын жеткізуге келісімшарттар жасауды жалғастырып жатыр. Бүгінде Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі арқылы 5 335,5 гектар жерге 20 млн текше метр су жеткізуге 178 келісімшарт, ал Шаған өзеніндегі су қоймасынан 1 879,4 гектар жерге 6 млн текше метр су жеткізуге 72 келісімшарт жасалған.

БҚО-дағы «Қазсушар» РМК филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаиновтың айтуынша табиғатты қорғау мақсатында су жіберу мен табиғи шабындықтарды суару экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беріп, өңірдегі флора мен фаунаның жай-күйін жақсартуға көмектеседі.

«Санитарлық-экологиялық мақсатта берілетін су жергілікті мал шаруашылығын қажетті азықпен де қамтамасыз етеді», деді Р.Хусаинов.