• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Абай Бүгін, 08:10

Қара сөздер аудиожинағы

30 рет
көрсетілді

Керекуде «Абай мұрасы – мәңгілік бағдар» атты ерекше аудиожинақ жарық көрді. Бұл – ақынның Қара сөздерін заманауи форматта кең аудиторияға қолжетімді етуге бағытталған мәдени бастама.

Аталған жобаның ­авторы – Жур­на­лис­тер одағының мүшесі, «Halyq radiosy»-ның тіл­шісі Елдос Төлеубаев балалық ­арманын орындағанына қуанышты.

– Мектепте оқып жүргенде «Абай оқу­ла­рына» қатысып, Нұрлан ­Өнер­баевтың орын­дауын­дағы қара сөздерін алғаш рет таспадан тыңдап, бола­шақта дәл осылай оқып шығуды арман еттім. Араға 24-25 жыл салып, көптен күткен жоспарым іске асты. Астана қаласынан Жанна Қабдешқызы есімді кәсіпкер демеушілік танытып, жоба­ның жарыққа шығуына зор үле­сін қосты. Бұдан былай бұл аудио­жазба ашық түрде тара­тылады. Оны «Aiqara», «Halyg radiosy» сайттарынан тың­дауға болады. Алдағы уақыт­та облыстық, қалалық депутат­тардың қолдауымен қоғамдық көліктерде Абай­дың «Қара сөз­дері» қойылса деген ойым бар, – дейді Елдос Төлеубаев.

Өңір тарихында із қалды­ратын жобаны қолға алған өскелең ұрпақтың жанашырлары бастаған істі әрі қарай да­мытуды көздейді. Іс-шараға жиналғандар бү­гінгі жастардың кітап оқуға қызығушылығы оянып, аудиожазбадағы терең ойлы нақыл сөздері саналарына жететініне сеніп, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында өңіріміздің жоға­ры оқу орындары, мәдениет ме­кемелері мен ақпараттық ұйым­дарына ұлы Абайдың қара сөзі жазылған аудиожазба тас­пасы табыс етілді.

 

Павлодар облысы