• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 15:39

Елена Рыбакина жартылай финалда жеңілді

20 рет
көрсетілді

Әлемнің 12 ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монеаль қаласында өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бастапқы бәсекелерде америкалық Хейли Баптист, румыниялық Жаклин Кристиан және Украинаның қос теннисшісі – Даяна Ястремская мен Марта Костюкті жолынан ығыстырған жерлесіміз финалдың жолдамасы сарапқа салынатын сайыста Виктория Мбокомен кездесті.

Бұл ойында Рыбакинаның жеңіске жететініне күмәнданғандар кемде-кем еді. Себебі, 18 жастағы франциялық теннисші WTA рейтингінде Еленадан әлдеқайда төмен тұр. Ол  85 орынды иеленуде. Соған қарамастан бұл бәсеке 1:6, 7:5, 7:6 есебімен Мбоконың пайдасына шешілді.