• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2015

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

273 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын Қа­зақ­стан-Беларусь қарым-қатына­сы­ның негізгі мәселелерін талқы­лады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко халық­аралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті екі­жақты ынтымақтастық аясында ел­деріміз қол жеткізген барлық уағдаластықтар табысты орындалып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы екі елдің көптеген бірлескен кәсіп­орындары жұмыс жүргізіп жат­қанына назар аудара келіп, бұл істің алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Беларусь Президентінің Украина дағдарысын реттеу ісіндегі үлесіне тоқталып өтті. – Орын алып отырған тайта­ластың ешкімге пайда бермейтіні жөніндегі біздің ұстанымдарымыз толығымен үндеседі, – деді Мем­лекет басшысы. Қазақстан Президенті үш мемлекет басшысының алдағы кездесуі ынтымақтастықтың қазіргі кездегі өзекті және перспективалық мәсе­ле­лерін талқылауға мүмкіндік бере­тінін айтты. А.Лукашенко өз кезегінде екі­жақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылды бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Беларусь Президенті Қазақ­стандағы алда тұрған Президент сай­лауының жайына тоқталды. – Қазақстан халқы Сізге зор іл­типатпен және ерекше жылы­лықпен қарайтынын білемін. Біздің де Сізге деген көзқарасымызды бі­лесіз. Біз Сізге тілекшіміз және жеңіс тілейміз, – деді А.Лукашенко.