• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:52

Қазақстанға 40 градус ыстық оралады

40 рет
көрсетілді

Қазгидрометтің синоптиктері 7, 8 және 9 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қысқа мерзімді салқындаудан кейін еліміздің оңтүстік өңірлері қайтадан жылы әрі құрғақ ауа массаларының ықпалында болады. Синоптиктердің мәліметінше, 8 тамыздан бастап Иран аумағынан жылы ауа келе бастайды, бұл күндізгі температураның +35…+41 градусқа дейін көтерілуіне алып келеді.

«Ал солтүстік өңірлер болса, әлі де суық ауа массаларының ықпалында болады – найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын мен бұршақ болуы мүмкін», деді синоптиктер.