Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде қайтарылған активтер қаражаты есебінен әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді, деп жазады Egemen.kz.
Аталған сомадағы қаражат – Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салуға бағытталған. Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлімдер ашылып, заманауи медициналық жабдықтар: магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық қондырғылар орнатылады.
Жобалар жүзеге асқан соң, ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғын мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізеді.
Нысандарды пайдалануға беру биылғы жылға жоспарланған.