1995 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында орналасқан «Malden Mills» компаниясының маталар шығаратын зауыты өртке оранып, барлық тауар күл-топыраққа айналды. Осылайша, бұл оқиға осындағы 3000 жұмысшыны қаржылық тұрғыдан тығырыққа тіреп, психологиялық тұрғыдан сансыратып кетті.
Компания тұтқасын ұстаған Аарон Форштейн зауыт қайта салынып біткенше, барлық қызметкеріне бұрынғы айлығын тұрақты төлеп отыратынын айтты. Компанияға 25 миллион доллар шығын әкелген бұл шешім бизнесте «өрескел қателік» деп бағаланады. Бірақ зауыт қалпына келгенде, бірнеше жыл «бостан-босқа» ақша алып отырған қызметкерлер жұмысқа ынта-шынтасымен кірісіп, қысталаңда далаға тастап кетпей, қанатының астына алған жомарт басшының барлық шығынын еселеп қайтарған екен.