• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:09

Астыққа орақ түсуге санаулы күндер қалды

40 рет
көрсетілді

Биылғы «Орақ-2025» қарсаңында Мамлют ауданындағы озық шаруашылықтың бірі - «Мамбетов и К» коммандиттік серіктестігінің базасында облыстық семинар өтті. Ол «Ұлы дала астығы -2025» аталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оның жұмысына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин, облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов, аудан әкімдері, шаруашылық басшылары, депутаттар мен журналистер қатысты.

Биыл облыс 4,3 млн га жерге астық еккен. Соның 3 млн гектардан астамы астық және 1 млн га жуығы майлы дақылдар. Биыл астық шығымды, тек енді алда жауын-шашын аз кезде төкпей-шашпай жинап алу мақсаты тұр. Жиналғандарға бүгінгі таңдағы астықтың рыноктық хал-ахуалы баяндалып, ору, сақтау жұмыстарына арналған жаңа техникалар көрсетілді.