2025 жылдың 4-10 тамызы аралығында Ұлытау облысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени-ағартушылық онкүндік өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараның басы 4 - ші тамыз күні Ұлытау ауданындағы Абай ескерткішінің жанында өткен танымдық және әдеби-сазды кешпен басталды. Облыстың барлық аудандары мен қалаларында Абай мұрасын ұлықтауға арналған кештер, концерттер, көрмелер, оқулар мен шығармашылық кездесулер жоспарланған.
Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында және Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында түрлі форматтағы шаралар, соның ішінде «Абай керуені», «Абай оқулары», «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» атты әдеби-музыкалық бағдарламалар өтеді.
Тамыз айының 10-ы күні Жезқазған қаласында гүл шоқтарын қою рәсімі, қорытынды әдеби сапар, облыстық ақындар мүшәйрасы және Абай әндерінен үлкен концертпен қорытындыланады.
Аталған іс-шаралар Абайдың рухани мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа өнеге етуге бағытталған.
Ұлытау облысы