• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:30

Көлеңкелі экономикадан 20 млрд теңгеге жуық қаражат шығарылған

40 рет
көрсетілді

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун бүгінгі Үкімет отырысында сауда саласын цифрландыруды дамыту мәселелері жайында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол қазіргі таңда сауда саласында әртүрлі мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтің 66 түрі бар екенін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысында 17 мыңнан астам қызмет 100% онлайн форматта көрсетілген.

Үкіметтің мәліметінше цифрландыру алдында министрлік реинжиниринг процестеріне қатысты жұмыстар жүргізеді. Мысал ретінде «электронды сертификат» кейсін айтуға болады. Ұзақ уақыт бойы бұл салада  «сұр» сертификаттар тіркеусіз және нақты өлшемсіз жаппай шығарылды, сондай-ақ құжаттардың түпнұсқалығын тексеру үшін бірыңғай деректер базасы болмады.

2024 жылы реинжиниринг іске асырылғаннан кейін процесс толығымен цифрландырылды. Нәтижесінде «Техникалық   реттеу»   жүйесінде сертификаттарды міндетті түрде тіркеу енгізіліп, жалпыға қолжетімді QR арқылы заңдылықты тексеру мүмкіндігі іске асты.

«Нәтижесінде берілген сертификаттар саны 2 миллионға дейін ұлғайды және 20 миллиард теңгеге жуық қаражат көлеңкелі экономикадан шығарылды», деп атап өтті вице-министр Дмитрий Мун.