• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология 21 Шілде, 2025

Жасанды интеллект қазақ тілін үйретеді

10 рет
көрсетілді

Бүгінде технологияның қарыштап дамуы білім беру саласында да жаңа өзгерістерге жетелеуде. Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тіл үйрену әлемдік трендке айналып отыр және бұл үрдіс қазақ тілі үшін де өте маңызды. Қазақ тілін үйренушілер үшін ыңғайлы әрі тиімді шешімдер қажет. Әсіресе, қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушілер, шетелдегі қандастарымыз, қала тұрғындары мен жастар үшін заманауи әдіс маңызды. Осы тұрғыда, TilQazyna жобасы тіл үйрету әдістемесін цифрлық деңгейге көтеретін алғашқы кешенді шешімдердің бірі болары сөзсіз. Ана тіліміздің аясын кеңейтуге арналған жоба жайында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

- Мақпал Құрманжанқызы, бүгінде жасанды интеллект арқылы қазақ тілін үйретудің өзектілігі мен қажеттілігі қандай? 

Бүгінде технологияның қарыштап дамуы білім беру саласында да жаңа өзгерістерге жетелеуде. Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тіл үйрену әлемдік трендке айналып отыр және бұл үрдіс қазақ тілі үшін де өте маңызды. Қазақ тілін үйренушілер үшін ыңғайлы әрі тиімді шешімдер қажет. Әсіресе, қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушілер, шетелдегі қандастарымыз, қала тұрғындары мен жастар үшін заманауи әдіс маңызды. Осы тұрғыда, TilQazyna жобасы тіл үйрету әдістемесін цифрлық деңгейге көтеретін алғашқы кешенді шешімдердің бірі болары сөзсіз.

- Мобильді қосымша өзге де қазақ тілін үйрететін платформалардан несімен ерекшеленеді?

TilQazyna – қазақ тілін үйренуге арналған алғашқы интеллектуалды платформа. Оны тіл үйретудің жаңа бағыты деп атасақ та болады. Бұл тек әдеттегі тіл үйрететін қосымша емес, жасанды интеллектке негізделген толыққанды көмекші құрал. Басты ерекшелігі – қосымша халықаралық CEFR стандартына (A1–C1) сәйкес жүйеленген. Қолданушының тілді меңгеру деңгейін автоматты түрде анықтап, сәйкес тапсырмалар мен сабақтар ұсынады. Қазақ тілінде мәтінді дыбыстау (TTS) және дауысты тану (ASR) технологиялары енгізілген, бұл үйренушіге сөйлеп үйренуге және айтылымын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қосымшаның тағы бір ерекшелігі – ЖИ мүмкіндіктері арқылы әр қолданушыға жеке бағдарлама түзіледі. Жіберілген қателерге қарай жүйе оқыту тәсілін бейімдеп отырады. TilQazyna чатботы қолданушыға 24/7 көмек көрсетуге дайын. Бұл қазақ тілін үйренуде мультимодальды және дербестендірілген тәсілмен жұмыс істейтін алғашқы отандық жоба болмақ.

- Мобильді қосымшаны әзірлеуге қанша маман жұмылдырылды? Қанша уақытты қамтыды?

TilQazyna қосымшасын әзірлеу жұмыстары 2024 жылдың ортасында басталды. Қазіргі таңда платформа үздіксіз жаңартылып, жаңа сабақтармен толықтырылып келеді. Жобаны жасауға 25-ке жуық маман атсалысуда. Олардың қатарында тілші-ғалымдар, бағдарламашылар, жасанды интеллект мамандары, деректер инженері, дизайнерлер және ЖИ зерттеушілері бар.

- Қосымшаны пайдаланушылар қандай бағыттарда ана тілімізді үйрене алады?

Қосымша тек сөздерді жаттап қана қоймай, қазақ тілін күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік беретін нақты дағдыларды дамытады. Қолданушылар түрлі деңгейдегі аудиомәтіндер мен сөйлеу үлгілерін тыңдау арқылы тілге деген түсініктерін арттырады. Өз даусын жазып, дұрыстығын тексеруге болады. Жасанды интеллект айтылымды бағалап, қажет болған жағдайда түзетулер ұсынады.

Қосымшада қазақ тілінде сөйлесуге арналған дайын диалогтар да бар. Түрлі грамматикалық тапсырмалар мен көп таңдаулы тестілер қарастырылған. Әр сабақта жаңа сөздер мен олардың аудармасы ұсынылады. Сонымен қатар, сөздерді жаттап, есте сақтауға арналған арнайы жаттығулар мен ойын элементтері де қамтылған.

- Қосымша қашан жалпыға қолжетімді болады? Қолдану ақылы ма, тегін бе?

Қосымшаның бета-нұсқасы 2025 жылдың қараша айында көпшілікке ұсынылады. Қолданушылар үшін барлық функционал тегін қолжетімді болады. Ал, толық нұсқасы 2026 жылы қолданысқа беріледі.

- Мобильді қосымша қандай ЖИ жүйесінде жасалды?

TilQazyna қосымшасы жасанды интеллекттің соңғы үлгілеріне негізделген. Қазақ тіліндегі дауысты тану үшін Whisper large-v3 жүйесі, мәтінді дауысқа айналдыруда KZ-TTS технологиясы қолданылады. Сонымен қатар, қазақ тіліне арнайы бейімделген үлкен тілдік модель – Llama архитектурасындағы жүйе жұмыс істейді. Барлық технологиялар қуатты серверлерде орналастырылып, қажет кезде автоматты түрде кеңейтіледі.

- Техникалық ұтымды тұстары қандай?

Қосымшаның техникалық артықшылықтары өте көп. Қолданушының білім деңгейін дәл анықтап, соған сай жеке бағдарлама ұсыну – басты артықшылықтардың бірі. Жылдам әрі қуатты серверлердің арқасында қосымша кедергісіз жұмыс істейді. Оқыту мәтін, дыбыс және сурет арқылы түрлі форматта өтеді, бұл үйренуді жеңілдетеді. Қолданушыға оқу барысы туралы хабарламалар жіберіліп, барлық контент оффлайн пайдалануға бейімделуі мүмкін.

- Қосымша пайдалануға берілгеннен кейін жетілдіріліп отырыла ма?

Иә, бұл тірі жүйе. Пайдаланушылардан кері байланыс жинап, қосымша үнемі жаңартылып отырады. Жиі жаңартулар мен қосымшаның жаңа функциялары енгізіледі. Жаңа мәтіндер мен аудиолар қосу, ЖИ модельдерін қайта оқыту, интерфейс пен қолайлылықты арттыру жоспарланған. Мұғалімдер үшін арнайы құралдар да кеңейтілмек.

- Әңгімеңізге рақмет!