• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мектеп Бүгін, 10:00

Заманауи мектептер бой көтереді

30 рет
көрсетілді

Алматы облысында 2024–2025 оқу жылын 437 жалпы білім беретін мемлекеттік мектепте 352 856 оқушы аяқтады (46 жекеменшік мектепте 16 412 оқушы). Былтырғы жылмен салыстырғанда оқушы саны 11 059-ге артып отыр.

Үш ауысымда оқыту мен мектеп орын­да­рын­ың тапшылығын жою мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың бастамасымен облыста 26 «Келешек мек­­тептері» құрылысы көзделіп, өткен жылы осы ұлттық жоба аясын­да 11 100 орын­дық 10 мектептің ­(Жам­был ауда­ны Ұзын­­ағаш, Талғар аудандарында Жаңа­лық ауылы, Қар­ғалы ­ауылы, Қарасай ауданы Долан, Қошмам­бет, Көкөзек, Елтай, Кемер­тоған ауылдары, Қаскелен қаласы, Еңбек ауылы, ­Алатау қаласы) және 3 275 орындық 3 жеке­мен­­шік мектеп­тің құры­­лысы аяқталып, пай­да­ла­ну­ға берілді ­(«Өте­мұратов қоры» арқылы Еңбек­ші­қазақ ауда­нын­дағы Есік қаласы мен Шелек ­ауылында 900 орындық 2 мектеп, «Менің мекте­бім» ЖШС Есік қаласында 1 475 орын­дық ­1 мектеп құрылысы).

Ал алдыңғы жылы өңірде 14 400 орын­дық 14 мектеп салынды.

Нәтижесінде, үш ауысымда оқитын мек­теп саны 52-ден 30-ға дейін азайды (Жамбыл ауда­нында – 3, Іле – 17, Еңбекшіқазақ – 1, Тал­ғар – 6, Қарасай – 2, Алатау қаласы – 2). Қалған 17 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Келешек мектептері» – жай ғана құрылыс емес, ел үшін маңызы зор өзгерістердің ­бастауы, болашаққа жасалған нық қадам.

«Келешек мектептері» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ұлттық ауқымдағы жоба. Оның басты мақсаты – апатты жағдайдағы мектептердің, үш ауысымда оқытудың және оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу.

Бүгінгі күні Еңбекшіқазақ ауданы Ащы­­сай ауылында «Келешек мектептер» бағ­дар­­ламасымен 3,4 гектар аумаққа 600 орын­­дық мек­тептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құры­лыс жұмыстары «Exclusive const­ruc­tion» (Құрылысшы – ТБС) ЖШС еншісінде.

«Ауылдағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп 1977 жылы салынған. Ескі мектеп еді. Осыған байланысты жаңа мектеп құрылысы былтырғы жылдың мамыр айында басталды. Алдағы оқу жылында қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр. Енді, міне, балалар жайлы да жарық мектепте оқитын болды. Бүгінгі күні мектеп құрылысының жұмысы 85 пайызға аяқталды», – дейді мектеп директоры Жанар Мәлікқызы.

Ащысай ауылында биыл 583 оқушы ­мек­тепке барады.

 

Алматы облысы