• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:10

Талаптыға бағыт береді

20 рет
көрсетілді

Петропавлдағы Оқушылар сарайы – қаладағы айтулы білім мен мәдениет ошағы. Онда оқушы балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.

2018 жылы Қазақстан мен Ресейдің шекаралық өңірлері ынтымақтастығының кезекті саммиті Қызылжар қаласында өтетін болып, оған келетін мәртебелі қонақтарға арналған жиын өткізуге осы ғи­марат тұр­ғызылған еді. Сам­миттен ке­йін ғимарат Оқушы­лар сарайына айналды. Оны осы күннің сәнімен ағылшын тілінде Digital Urpaq (болашақ ұрпақ немесе сөзбе-сөз «сандық» ұрпақ) деп те атайды.

Қазір бұл орынды оқушы­лар­дың ІТ-технологияны игеру­дегі авангард орталығы деуге толық негіз бар. Мұнда жоба­лық зерттеулерге, ғылыми-тех­ни­ка­лық шығармашылыққа ба­сымдық беріледі. Талапты оқу­шы балаларға айналыса­тын дүниелер же­терлік. Жұмыс бағыттары қатарында ІТ технологиядан басқа ғылыми-биологиялық, көркем-эстети­калық, көркем мектеп, бизнес мектебі, журналистика және медиатехнология, дебат клубы және КВН бар. «Біз мектепте берілген оқу-білім­ді ор­нықтыруға кө­мек бере­міз. Қо­сымша білім бола­шақ ма­ман­дық таңдауға да жол аша­ды. Осындай орталық ашып берген жергілікті билік­ке әр­қашан ризашылығы­мыз­ды білдіреміз», дейді орталық директоры Дина Әбілмәжінова.

Биылғы жазғы демалыс айлары басталғалы бері мұнда 2 мың­дай оқушы «жазғы акаде­мияға» қатысты. Алты түрлі маусымнан тұратын оның тақы­рыптары да әртүрлі. Қазір «МІХ» атты төртінші маусым өтіп жатыр. Соның ішінде «Эль­дорадоға сапар» атты тіл­дік квест деген тақырып ба­ла­лар­ды қызықтыра түскен. Мұн­да балалар қазақ және ағыл­шын тілдері бойынша ғылым мен шығармашылыққа тәр­биеленеді. «Біз квесті толы­ғымен ағылшын және қазақ тілінде өткіземіз. Ұстаз балалар­ға ағылшын тілінде тапсырма­лар мен жұмбақтар айтады. Балалар жауабын тек ағыл­шын немесе қазақ тілінде береді. Кейде қателесіп қалса жанын­дағы балалардан сұрап, бәрі де тез әрі дұрыс жауап беруге тырысып, таласып, айтысып та жатады», дейді директордың ІТ жөніндегі орынбасары Дамир Мұстафин.

Осының өзі балалардың қазақ және ағылшын тілінің лекси­касын игеруіне көмектеседі екен. Оқушылар сабақтан шыққан соң да бір-бірімен қазақ және ағылшын тілінде айтысып бара жататын көрінеді. Сайып келгенде, жастардың мемлекеттік және халықаралық тілді ер­кін игеруіне осындай пікірсайыс­тың пайдасы зор.

 

ПЕТРОПАВЛ