• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Басылым Бүгін, 08:05

Арыстар туралы трилогия

20 рет
көрсетілді

Елорда Ұлт­тық акаде­­­мия­­лық кі­тап­­хана­сында Абай Құнанбайұлы­ның 180 жыл­дық мерейтойына арналған «Абай – тұтас бір әлем» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.

Көрмеде Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы – өлеңдері мен қара сөздері, аудармалары мен философиялық ой-толғаулары кеңінен насихатталған. Келелі көрмеге 184 кі­тап, 4 дәйекті сөз (цитата) және 8 сурет қойылып, экспозиция бірнеше тақы­рыпта қарастырылған.

Атап айтсақ, «Қалың елім, қазағым» бөлімінде Абайдың әр жылдары жарық көрген өлеңдер жинақтары мен 1909 жылы Санкт-Петербургте шыққан алғашқы басылымнан бастап, кейінгі толық жинақтар қамтылған. Ал «Абай және музыка» бөлімінде – Абай­дың ән мұрасы, музыкалық ықпалы, сон­дай-ақ әндерінің кейінгі опералық, симфониялық шығармаларға арқау болғаны көрініс тапты. Сонымен ­қа­тар «Абай – әлем тілдерінде», «Абай­дың дүниетанымы», «Абай мұра­гер­лерінің еңбектері» атты бөлімдер хакім әлемін жан-жақты ашуға бағыт- талған.

Келелі іс-шарада белгілі ­жазу­шы, абайтанушы-мұхтар­та­ну­шы, майдангер, ұстаз Кәмен Ора­залиннің (1920–2008) «Абайдан соңғы арыстар» атты үш томдық кітабының таныстырылымы өтті.

«Абайдан соңғы арыстар» роман-трилогиясы – биыл туғанына 105 жыл толып отырған жазушы Кәмен Оразалиннің қазақ халқының даңқты перзенттерінің ел тәуелсіздігі үшін күрескен күрделі кезеңін суреттеген шығармасы.

Романда «Алаш» көсемдері Әлихан, Ахмет, Жүсіпбек, Халел, Әлімхандардың халыққа жасаған еңбек­тері жан-жақты бейнеленіп, Шәкәрім, Абай баласы Мекайіл, ­Мұх­тар Әуезов болмысы әртүрлі ­образдармен жаңаша сомдалған.

Іс-шараға филология ғылым­да­рының докторы, абайтанушы Тұрсын Жұрт­бай, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, тарих ғылымдарының докторы, профес­сор, Еура­зия университетінің ректоры Ерлан Сыдықов сынды зиялы қауым өкілдері қатысып, елеулі шығарманы жан-жақты талдап, лебіздерін білдірді.