• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Кеше

Жоғалған тікұшақты іздеу жұмысы 11 тәуліктен бері жалғасып жатыр – Қорғаныс министрлігі

20 рет
көрсетілді

11 тәулік бойы жалғасып жатқан тікұшақты іздестіру-құтқару операциясына 330-дан астам жеке құрам, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық топтар жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Операцияға бірнеше мемлекеттік орган қатысып жатырҚорғаныс министрлігінің мамандарынан бөлек, іздеуге:

Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысып жатыр.

Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі департаментінің жоғары білікті мамандары кірді.

Комиссияның бір бөлігі – іздестіру шараларына, екінші бөлігі — авиациялық оқиғаны тергеу жұмыстарына жұмылдырылған.

Іздестіру жұмыстары:

Көл түбіндегі терең шөгу, Су астындағы көрінудің мүлде болмауы, Ауа райының құбылмалылығы сияқты күрделі жағдайларға қарамастан, тәулік бойы жалғасуда.

Әуе арқылы қиын өтетін аумақтарға шолу жасалып, жағалау мен көл акваториясы түгел тексерілуде.

Ғылыми және техникалық ұйымдар арнайы жабдықтармен су асты және жер үстіндегі іздеу жұмыстарына тартылған.

Комиссия мынадай факторларды зерделеп жатыр:

Әуе кемесін дайындау және пайдалану құжаттамасы Құқық қорғау органдары мен авиациялық қызметтердің материалдары Тікұшақ бағыты бойынша метеорологиялық және орнитологиялық жағдай және өзге де ықтимал себептер

«Іздестіру жұмысы тікұшақ экипажының тағдыры анықталып, қайғылы жағдайға не себеп болғаны толық зерттелгенге дейін жалғасады», – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.