• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Ұлттық ұланның қызметтік иті жоғалған екі қызды іздеп тапты

30 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында 14 жастағы қыз түнде үйіне оралмаған соң, анасы полицияға хабарласқан. Ол құрбысымен шаһар шетіне шығып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасөспірімнің інісі әпкесінің үйден ыдыс-аяқ алып шыққанын байқаған.

Бейнебақылау жазбаларын тексерген тәртіп сақшылары қыздың құрбысымен бірге Павлодар ауылына қарай бет алғанын анықтады. Алайда кейін олардың қайда бағыт түзегені белгісіз болып шықты. Ал келесі күні іздестіру жұмыстарына Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінің кинологы сержант Аслан Шуатаев тартылды.

Әскери қызметші алдымен ата-анасынан қыздардың киімдерін алып, иісшіл малинуа тұқымдас «Мажор» есімді итпен қала шетіндегі ауылда іздеу жүргізген.

- Иісшіл ит кинологты шаһарға іргелес жатқан аймақтағы демалыс орындарына, кейін дүкенге апарды. Сатушы екі қыздың дүкенге кіріп, балта сатып алғанын растады. Одан кейін төрт аяқты жауынгер Ертіс өзені жағалауын тінтіп, көршілес көшедегі аялдамаға жол бастайды. Аялдама таяған сәтте кинолог екі қыздың автобусқа отырғанын байқап, дереу жедел топқа хабар берді. Полиция қоғамдық көлікті тоқтатып, жасөспірімдерді ата-анасына табыстады,-деп хабарлады «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен.

Қыздардың ата-анасы жедел әрекет еткен әскери қызметшіге алғысын білдірді. Сержант Шуатаев бұған дейін Алматы облысындағы Балтабай ауылында үй тонаған ұрылардың ізіне түсіп, оларды жасырынған нысаннан тауып алған болатын.

Павлодар облысы