• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Тамыз, 2025

Теміржол инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр

40 рет
көрсетілді

Бүгінде ел аумағы бойынша 154 теміржол жолаушылар бағыты жүреді. Осылайша, биылғы жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 млн жолаушы тасымалданған. Жолаушылар вагондарының паркін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 60-қа жуық жаңа жолаушылар вагондары жеткізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық локомотивтер паркінде шамамен 1 800 бірлік бар, биыл тағы 200 бірлік сатып алу жоспарланып отыр. Вагон сегментінде 300-ден астам оператор жұмыс істейді, 140 мың жүк вагоны тіркелген. Былтыр 2 350 жаңа вагон сатып алынды, осыған ұқсас көлем сатып алу ағымдағы жылға көзделген, бұл ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Теміржол инфрақұрылымын кеңейту: жаңа маршруттар және жаңғырту

Елімізде жалпы ұзындығы 1 300 шақырым ауқымды теміржол жобаларының кешені іске асырылып жатыр. Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Н.Келбуғановтың айтуынша, 2025 жылы негізгі учаскелер – «Достық – Мойынты» және Алматы станциясының айналма желісі аяқталып, пайдалануға беріледі. Бір мезгілде «Дарбаза – Мақтарал», «Аягөз – Бақты» және «Қызылжар – Мойынты» (366 шақырым) жаңа желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр, бұл – Транскаспий маршрутының ұзақтығын 150 шақырымға қысқартады.

Өткізу қабілетін арттыру үшін «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» учаскелері жаңартылады, сондай-ақ «Қызылжар – Сексеуіл» және «Шалқар – Бейнеу» сегменттерінде заманауи автобұғаттау жүйелері енгізіледі. 2023-2024 жылдары 2 800 шақырым жол жөнделген.

Отандық терминалдар шетелде – Алят (Әзірбайжан), Селятино (Ресей), Свислочь (Беларусь) және Ташкентте белсенді дамып жатыр. Олардың жиынтық қуаты жылына 1 млн контейнерден асады. Болашақта Румынияда, Венгрияда және Үрімшіде (ҚХР) кеңейту жоспарланып отыр. Терминалдық қуаттардың жалпы көлемі 2,5 млн контейнерге дейін өседі. Транзиттің үш есе – жыл сайын 76 млн тоннаға дейін айтарлықтай өсуі күтіліп отыр, бұл Қазақстанның өңірдің негізгі көлік-логистикалық хабы ретіндегі позициясын нығайтады.

Соңғы жаңалықтар