Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалтай Сәмбетов - теміржол саласына 60 жылдан астам уақыт арнаған аңыз адам. Еңбек жолын 18 жасында Аягөз сигнализация және байланыс дистанциясының монтері болып бастаған. Инженерден ҚТЖ-ның бірінші вице-президентіне дейінгі еңбек жолын еңсерген. Ұзақ жылдар бойы «ҚТЖ» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі бағытын басқарған.