Классикалық музыка қосылғанда жаныңа ерекше бір тыныштық орнайды. Мұндай туындыларды өсімдіктер де тыңдағанды жақсы көреді. Тіпті тез өсе бастайды.
Иә, бұл рас. Ғалымдар өсімдіктердің музыкаға, дыбысқа және дірілге биологиялық жауап қайтаратынын дәлелдеді. Яғни өсімдіктер тек жарық пен суға емес, дыбыстық толқындарға да реакция білдіреді. Зерттеулер көрсеткендей, Моцарт, Бах сынды классиктердің музыкалары қойылған жылыжайда өсімдіктердің өсуі жылдамырақ болған. Олар тез бой көтеріп, жапырақтары жайылып, гүлдену кезеңі ертерек басталған. Себебі дыбыс өсімдіктің ішкі жасуша қозғалысын жылдамдатқан.