Француз импрессионизмінің негізін қалаушылардың бірі Клод Моне – табиғатты, жарық пен түстерді ерекше нәзіктікпен бейнелеген суретші. Бірақ көпшілік біле бермейтін бір құпия бар.
Ол өмірінің соңына қарай түстерді өзгеше, мүлде басқа реңктермен көре бастаған. Неге дейсіз ғой? Себебі Моне көз жанары бұлдырап, түстер көмескі көрінетін сырқатқа шалдығады. Ол ашық түстерді ажырата алмайтын болған. Содан кейін 1923 жылы екі көзіне де операция жасатады. Операциядан соң суретші ультракүлгін түсті көре бастайды. Әдетте адам оны көре алмайды. Соның нәтижесінде, ол операциядан кейінгі туындыларында қызыл, күлгін, көкшіл-сұр түстерді жиі қолданған.