• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 01 Тамыз, 2025

Мидың ғажап механизмі

20 рет
көрсетілді

Ми – біз ойлағаннан да күрделі орган. Ол жақын маңда науқас адам болса, соны сезіп, ағзаны алдын ала қорғанысқа дайындайды.

Швейцариялық ғалымдар мидың таң­ғаларлық қабілетін анықтады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, адам миы сыртқы ортаны бақылап қана қоймай, ол жақта вирус жұқтырған немесе сырқаттанған адам барын сезе алады. Ең қызығы, бұл жағдайда ми иммундық жүйеге белгі беріп, ағзаны шабуылға дайын күйге келтіреді. Яғни біз науқас адаммен байланысқа түспей жатып-ақ, ми өздігінен «қауіп келеді» деген сигнал жіберіп, ішкі қорғаныс жүйелерін іске қосады.