• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Шілде, 2025

Жамбыл облысында ресейлік байкерге шабуыл жасаған ер адам сотталды

30 рет
көрсетілді

2024 жылғы сәуірде Жамбыл облысында жанармай бекетінде  ресейлік мотоцикл жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу барысында айыпталушы бұл әрекетін байкерлерге деген жеке өшпенділікпен түсіндірген. Ол «қасақана адам өлтіруге оқталу» және «суық қаруды заңсыз алып жүру» баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

Мемлекеттік айыптаушы 15 жылға бас бостандығынан айыру және 393 200 теңге көлемінде айыппұл салуды сұраған. Алайда сот оның кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Сондай-ақ, сот шешімімен жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге моральдық өтемақы және 1,3 миллион теңгеден астам материалдық шығынды өтеу міндеттелген.

Соңғы жаңалықтар