• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Шілде, 2025

Жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі

30 рет
көрсетілді

2025–2026 оқу жылы қарсаңында елімізде «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 500 мыңнан астам балаға материалдық қолдау көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.

Қор дәстүрлі түрде жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына көмек беріп келеді. 

Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.

Көмек ата-аналардың есепшоттарына аударылады. Бұл оларға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын өздері таңдауға мүмкіндік береді. 2025 жылы бір балаға берілетін ең төменгі сома көлемі – 46 228 теңге көлемінде болады.

«Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету бойынша ашық әрі ыңғайлы тетік қалыптастырды. Бұл қолдау шарасы бүгінде барлық өңірде іске асырылуда», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

 

Соңғы жаңалықтар