«Tokyo Skytree» – Жапониядағы ең биік телемұнара. Биіктігі 634 метр. Алайда жиі жер сілкінетін аймақта мұнша биік мұнара қалай құламай тұрғаны таңғалдырады.
Бұл – арнайы жасалған сейсмотұрақты құрылымның арқасы. Мұнараның ішінде жерге мықтап бекітілген болат тірек бар. Сыртқы бөлігі мен осы тірек бір-біріне тәуелсіз қозғала алады. Жер сілкінісі кезінде тірек қозғалысты баяулатып, шайқалуды 50%-ға дейін азайтады. Бұл жүйе Жапониядағы көне пагодалардың құрылысынан үлгі алып жасалған.