• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді

70 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Президентінің пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді. 

Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады.

Соңғы жаңалықтар