• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2025

Автокөлік бағасы шектес тыс қымбаттап жатыр

600 рет
көрсетілді

Еліміз ЕАЭО елдері арасында жеңіл автокөліктер бағасының ең жоғары өсімін көрсетті. Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, 2025 жылғы маусымда елімізде автокөлік бағасы бір жылда 11,6%-ға өскен.

Салыстыру мақсатында мысал келтірсек, Ресейде баға өсімі 1,4% болса, Қырғызстанда 0,2% ғана болған. Армения мен Беларусьта жеңіл автокөліктер арзандаған. Ал 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында тек Қазақстан (+9,3%) мен Ресейде (+2,8%) ғана баға өскені байқалған.

Елдегі бағаның күрт өсуіне жаңа автокөліктердің қымбаттауы себеп. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл сегментте баға маусым айында өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ға өскен. Ал қолданыстағы автокөліктердің бағасы, керісінше, ресми дерек бойынша төмендеген.

Елімізде сондай-ақ азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі де ЕАЭО елдері ішінде ең жоғары деңгейде. Ал азық-түлік инфляциясы, керісінше, одақтың орташа көрсеткішінен төмен.