Таиландтың орталығында орналасқан Супханбури провинциясындағы фейерверк шығаратын зауыттағы жарылыстан кемінде тоғыз адам мерт болып, екі адам түрлі жарақат алған. Апат жергілікті уақытпен 11:10-да болған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккендерді шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.
Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз, тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, мұндай оқиға бұған дейін Үндістанда да тіркелген болатын. Онда фейерверк фабрикасында болған жарылыс салдарынан сегіз адам көз жұмған еді. Ал Германиядағы Рейн жәрмеңкесінде ұйымдастырылған отшашу кезінде 19 адам түрлі жарақат алған.