• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Павлодар тұрғыны балаларын бесінші қабаттан лақтырып, артынан өзі секірген

100 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында әйел адам бесінші қабаттағы терезеден екі баласын лақтырып, артынша өзі де секірген. Оқиға бүгін, сағат 13:00 шамасында Нұрмағамбетов көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына бірінші дәрежелі шұғыл шақыртумен үш жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Дәрігерлер оқиға орнына алты минут ішінде жеткен.

«Балалар ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Әйел адамның өзі Павлодар қалалық №1 ауруханасына түскен, жағдайы ауыр», деп хабарлады жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенованың айтуынша, зардап шеккен балалардың бірі – 1,5 жаста, екіншісі – 5 жаста. Оқиға кезінде пәтерде тек әйел мен оның балалары ғана болған.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылдың қарашасында Шымкентте де осындай оқиға тіркелген еді. Онда әйел 3-ші қабаттан баланы лақтырып, артынша психдиспансерге жеткізілген болатын.

Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар