• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Павлодарда адам ағзасы саудаға салынған

80 рет
көрсетілді

Өңір полициясына шілде айының ортасында шетелдік азаматтың бүйрегін сатпақ болғаны туралы хабарлама түскен, деп жазады Egemen.kz.

Осы мақсатта Павлодарға келген шетелдік әйел бағасы мен іске қатысты кей шарттарды талқылап, сатуға келісім берген. 

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні келісілген ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

ІІМ қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда заңсыз трансплантациялауға, сондай-ақ адам ағзаларының, мүшелерінің, тіндерінің және тіндерінің бөліктерін сату, сатып алуға тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 

Соңғы жаңалықтар