• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Шілде, 2025

«Психоэмоционалды тұрақсыздық пен мазасыздықтың ұрпағы»: ЛГБТ насихаты балаларға қалай әсер етеді

30 рет
көрсетілді

Технологиялардың күрт дамуы, жаңа қылмыс түрлерінің пайда болуы, деструктивті контент пен кибербуллингтің таралуы балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылдаудың қажеттілігін айқындайды. ЛГБТ насихатына шектеу қою мәселесі – қауіпсіз цифрлық орта қалыптастырудың кешенді мәселесінің бір бөлігі, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігі ЮНИСЕФ-пен бірлесіп «Kazakhstan Kids Online» зерттеуін жүргізіп, нәтижесінде балалар интернетті пайдалану барысында әртүрлі қауіптерге ұшырайтыны анықталған:

10,6%-ы интернетте өздерін мазалайтын немесе қорқытатын дүниелер бар екенін мойындады;

11,1%-ы бейтаныс адамдарға өз фотосын/видеосын жіберген;

11,7%-ы сексуалды сипаттағы сурет немесе видеоны көрген;

7,1%-ы соңғы жылда сексуалды сипаттағы хабарлама алған;

3%-ы интимдік фото немесе видео үшін ақша немесе сыйлық ұсынылған;

1,8%-ы соңғы жылда жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуге байланысты шантажға ұшыраған.

Зерттеу нәтижелері кәмелетке толмаған балалардың жаһандық интернет кеңістігінде аса осал екенін көрсетті.

Ата-аналар да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы тиіс: 21% ата-ана баласына 4 жасында жеке гаджет сатып алып береді; 62%-ы экран уақытына ешқандай шектеу қоймайды. Сөйтіп, ересектер балаларды цифрлық тәуелділікке өз қолдарымен үйретіп, кейін бақылауды мүлде жоғалтады.

Қазақстан жасөспірімдерінің 74%-ы TikTok, 59%-ы YouTube, 57%-ы Instagram қолданады. Олардың көпшілігі «brainrot-контент» – мағынасыз, эмоцияға құрылған, агрессивті видеолар мен мемдерді көреді. Бұл баланың ойлау қабілетін тұмшалап, логиканың орнын эмоциямен алмастырады.

Сол себепті мемлекет айқын шекаралар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті: қай жерде еркіндік аяқталып, деструктив басталатынын көрсету керек.