• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2025

Қызылордада «DAMUBALA» арқылы ақша жымқырғандар сотталды

530 рет
көрсетілді

Қызылордада «Шығармашылық және спорт» үйірмелеріне жүргізілетін зерделеу жұмысы бойынша мониторинг тобының мүшесі мен сыбайласы сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотталушы «DAMUBALA» платформасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тексеріс жүргізіп, 13 адамның 88 млн теңгеден аса қаражатын қызмет бабын пайдалана отырып иемденіпті.   

Сот үкімімен мониторингтік топ мүшесіне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда және басшылық лауазымдарды атқаруға 10 жылға тыйым салынды.

Ал оған осы істе көмектескен кәсіпкер 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.