• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шымкент Бүгін, 09:50

Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар азайып келеді

40 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, жұ­­мыс­пен қамту және әлеуметтік қор­ғау басқармасына 4 индикатор бекі­тіл­ген. Аталған даму көр­сет­­кіштері жобалық кеңсенің «Битрикс» жоба­сына енгі­зіл­­ген. Индикатордың екеуі ресми статистикалық деректер арқылы алынады.

Бұл бойынша табысы ең төменгі күнкөріс дең­гейінен немесе кедейлік шегінен төмен халықтың үлесінің жоспары 6,2% болса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі 5,6% құ­рады. Жұмыссыздық деңгейі­нің жоспары 4,9% деп белгіленсе, 2025 жыл­ғы I тоқсандағы жағдай бо­йынша жұмыссыздық деңгейі 4,8% көрсетті. Жоспарға сай биылғы 1 шілдеге дейін жеті мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылса, оның 3 мыңнан астамы жас­тар. Халықтың әлеуметтік қорғау объектілерімен қамтамасыз етілу деңгейі биылғы 6 айда 56%-ға жетті.

Жоғарыда аталған даму жос­парында қамтылған барлық инди­ка­торлардың орындалуына жауапты басқармалар тарапы­нан тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Бас­қарма мамандары мәлім еткен­дей, индикаторлық көрсет­кіш­тер­дің орындалуы жөніндегі ресми ста­тистикалық деректер әр тоқ­санның бітуіне орай, 45-күні сайтқа ілінеді.

2025 жылы елу мыңға жуық адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделсе, бүгінге дейін 15 мыңнан астам адам тұрақты еңбекпен қамтылды. Бұл ретте қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы Шымкентте іске асырылып отырған концепциялар, даму бағдарламасы, азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жаңа жұмыс орындарына жұмысқа тұрғызады. Осының аясында азаматтар субсидияланатын жұмыс орындарына, кәсіптік оқытуға жолданады. Концепциялар мен Шымкент қаласының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары, жеке бастамалар бойынша биылға 21 мыңнан астам тұрақты, уақытша жұмыс орындары құрылатын болады. Бүгінде 3 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылып, жос­пар 13,1% орындалып отыр. Жеке бас­та­ма­ларға кәсіпкерлер есебінен іске қосылатын жекеменшік бала­бақ­­шалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана, бас­қа да қызмет көрсететін ұйым­дар кіреді.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау шарасы қарқынды жүзеге асырылып келеді. Статистикалық деректер бойынша, мегаполис­те зейнеткерлер саны – 98 874, оның ішінде соғыс ардагері – 1, тыл еңбеккерлері – 1 520, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер 2 139 адамды құрайды. Көпбала­лы аналар саны – 68 688, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 14 437 адам. Шаһарда 4-5 бала асырап отырған 54 251 ана өмір сүреді. Әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 15 ақпан күні Ауған, Тәжік-Ауған,Таулы Қарабақ, Ирак ұрыс қимылдарына қатысқан 1 272 ар­дагерге 250,1 млн теңге, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 13 550 көпбалалы аналарға 266,4 млн теңге, Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың салдарынан мүгедек болған 193 адамға 34,1 млн теңге, 7 мамыр – Отан қорғаушы­лар күніне орай 198 адамға 35 млн теңге, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай екінші дүниежүзілік соғыс­­қа қатысқан 2 ардагерге 10 млн теңге, соғыс жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қыз­меті үшін марапатталған 1 536 адамға 15 90,6 млн теңге, Жеңіс күніне орай, қаза тапқан 163 әскери қызметшілердің отбасыларына 9,6 млн теңге, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар 68 адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына 4 млн теңге, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 1 040 адамға 20,4 млн теңге, 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай мүгедектік алған, тікелей қатысқан 483 адамға 85,4 млн теңге, 30 тамыз – Конституция күніне мүгедектігі бар 7 289 балаға 143,3 млн теңге, 720 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға 56,6 млн теңге,1 қазан – Қарттар күніне орай 35 973 қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 424,3 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетілді. Мұндай әлумет­тік демеу сондай-ақ Желтоқсан оқиғасында ақталған азаматтарға, 80 жастан асқан жалғызілікті қарт­тарға, В-20 ауруы бар, туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға, Шым­кент қаласының медициналық мекеме­лерінде диспансерлік есепте тұра­тын қатерлі ісігі бар балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған 1-2 топтағы мүгедектігі бар ересектер мен балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған 7 жасқа дейінгі бүлдір­шіндерге, өрт салдарынан зардап шеккен отбасылар мен азамат­тарға қарастырылған.

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы 5 500 азаматты санаторийлік ем­деумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы бөлініп, 1 270 ардагерге тегін жолдама берілді. Ардагерлер Ақсу демі, Күлпаршын, Денсаулық, Айша бибі сауықты­­ру орта­лықтарында демалып, ем алатын болады. Сондай-ақ «Ізетті зейнеткер» мекемесінің сыйымды­лы­ғы 70-тен 120 орынға ұлғайтылды. Бүгінге дейін 900-ден астам зейнеткер атал­ған мекемеде емдік ша­ра­лар­дан өтті. 2025 жылы зейнет жа­сын­дағы тағы біраз азамат орта­лықта сауықтыру-емдеумен қам­тамасыз етіледі.

«Әлеуметтік кодекстің 120-ба­бы­­ның 4-тармағына, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нис­трінің 2023 жылғы 21 маусым­­дағы №227 бұйрығымен бекітілген ­«Мем­лекеттік атаулы әлеуметтік көмек­ті тағайындау және төлеу қағи­даларының» 2-тарауының 3-тар­мағына сәйкес, атаулы әлеу­меттік көмек жан басына шақ­қандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қа­ла­­ларда, астанада белгіленген ке­дейлік шегінен аспайтын адамға, отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға ке­шенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Бұл бағыттарда бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлемдер жасалады. Сонымен бірге азаматтар оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі. Бизнес-жобаларды жүзеге асыруға тегін гранттар тағайындалады, тұрақ­ты жұмыс орындарына жолдамалар бе­рі­леді. Сондай-ақ бір жас­тан алты жасты қоса алғанға дейінгі бала­ларға атаулы әлеуметтік көмек көр­сету шарасы қарастырылған. Мәселен, бүгінде осы шара бо­йынша 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосым­ша төлем 4 212 отбасындағы 8 343 балаға тағайындалды. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 4 649 отбасы немесе 24 396 адам мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж ретінде танылды. Қаладағы халық­ты жұмыспен қамту шаралары­­­­ның нәти­жесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар өткен жыл­дың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38%-ға азайып отыр», деді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Басқарма басшысының айтуынша, 2025 жылы мүгедек­­тігі бар азаматтарға қолдау шарала­рын көрсету үшін бюджеттен 14,7 млрд теңге қаржы бөлініп, аталған қаражаттың 6,3 млрд теңгесі игеріліп үлгерді. Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беру жүйесі іске қосылды. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қыз­мет­терге өзінің электрондық қолтаң­ба­сын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қыз­мет­тер порталы арқылы тапсырыс бере алады.

Әлеуметтік порталмен, сондай-ақ ЭЦҚ-мен жұмыс жасау үшін мүге­дек­тігі бар азаматтарға бас­қарма ғиматарында өз-өзіне қыз­мет көрсету бұрыштамасы ұйым­дас­тырылған. Мекеме қыз­мет­кер­лері келген әрбір адамға жеке көмек көрсетеді. Мұнан өзге арнаулы әлеуметтік қызмет­тер бар. Бұл әлеуметтік сала психо­невро­логиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзыл­ған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психо­неврологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І, ІІ топтағы мүгедектер мен қарт­­тар­ға стационар, жартылай ста­цио­нар, үйде қызмет көр­сетуге ар­налған. 2025 жылдың 1 шіл­де­сін­дегі жағдай бойынша жалпы 3 236 адам арнаулы әлеуметтік қыз­мет түрлерімен қамтылған. Оның ішінде 752 азамат стационар­да, 793 азамат жартылай стационар­да, 402 азамат уақытша болу жағдайында, 1 289 азамат үйінде әлеуметтік қыз­­меттер алды. Осы бағытта бас­қар­ма­ға қарасты 14 арнаулы әлеу­меттік қыз­­меттер көрсету орта­лық­тары бар. Орта­лықтарда 1 600-дан аса ма­ман әлеу­мет­тік көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсетеді.