• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 17:05

Дзюдошылар Grand Slam турнирінде жүлдесіз қалды

10 рет
көрсетілді

25 шілде Моңғолия астанасы Ұлан-батырда басталған Grand Slam халықаралық турнирінде қазақ дзюдошыларының қоржыны бос қайтты, деп жазады Egemen.kz.

Бұған Ұлттық олимпиада комитеті әлем чемпионатынан кейін өткен сайысқа әлемнің үздіктері қатыспайтынын хабарлап, жүлдеге жол жақын деп болжаған болатын. Десе де бұл үміт ақталмады. 

Құрамадағы ең үздік нәтижені Бауыржан Нарбаев (66 келіге дейін) пен Ермахан Әнуарбеков (90 келіге дейін) көрсетті. Екеуі де турнирді бесінші орынмен тәмамдаса, Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) жетінші орынға тоқтады.

Бұған дейін Grand Slam-ге кімдер қатысатынын хабарлаған болатынбыз.