• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Астанадағы орталық саябақ жолы жабылады

30 рет
көрсетілді

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы орталық саябақ аумағындағы жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 28 шілдеден 31 шілдеге дейін көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

«Қала тұрғындары мен қонақтарына жолдағы қозғалысын алдын ала жоспарлап, бағыттағы уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі. Қолайсыздықты барынша азайту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыт көрсеткіштері орнатылады», делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден түсіністік таныту сұралады.