• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 09:20

2025-2026 оқу жылы қашан басталады?

230 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған оқудың басталу және аяқталу уақытын, сондай-ақ мектеп оқушыларына арналған демалыс күндерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқу процесі 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, бірінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Күзгі демалыс 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаға дейін, яғни 7 күнге жалғасады.

Екінші тоқсанның ұзақтығы да 8 аптаға тең. Қысқы каникул 2025 жылдың 29 желтоқсанынан басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін созылады. Демалыс ұзақтығы – 10 күн.

Сонымен қатар 1-сынып оқушыларына арналған қосымша демалыс 2026 жылдың 9–15 ақпаны аралығында, яғни 7 күн бойы өтеді.

Ал, үшінші тоқсан 10 аптаға созылады. Көктемгі каникул 2026 жылдың 19 наурызында басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күндік демалыс беріледі.

Төртінші тоқсан 8 аптаны қамтиды, оқу жылының соңғы күні – 2026 жылдың 25 мамыры.