• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы 27 Шілде, 2025

Алматыда тағы бір көшенің учаскелері біраз уақытқа жабылады

70 рет
көрсетілді

Алматыда Бөгенбай батыр көшесінің учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

27 шілдеде 23:00-ден 28 шілдеде 6:00-ге дейін Бегалин көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

28 шілдеде 23:00-ден 29 шілдеде 6:00-ге дейін Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақта орнатылады.

– Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, – делінген әкімдік хабарламасында.