• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

БҚО тұрғыны банкрот кәсіпорыннан 46 млн теңгені заңсыз шығарып алған

50 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында банкроттық басқарушы ірі көлемдегі қаржыны заңсыз жолмен иемденіп, 46,4 млн теңгені кәсіпорыннан шығарып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, аталған тұлға құрылтайшы мен оған байланысты тұлғалардың есепшотына ақша аударып, мемлекет алдындағы міндеттемелерден жалтаруға тырысқан.

«Банкроттық басқарушы, мемлекеттік қарыздың бар екенін біле тұра, құрылтайшының мүддесін қорғауға тырысып, бюджетпен есеп айырысудан әдейі жалтарды», – делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу нәтижесінде басқарушы қаржыны: заңгерлік қызметтерге ақы төлеу; кәсіпорынның қарызын өтеу; құрылтайшыға қаржыны қайтару секілді желеумен аударғаны белгілі болды.

Алайда, бұл операциялар ешқандай заңды құжатпен негізделмеген. Тиісінше, бұл әрекеттер кәсіпорын мүлкін әділетсіз бөліп, бюджетті айналып өтуге бағытталған.

БҚО-ның мамандандырылған экономикалық соты жасалған транзакцияларды жарамсыздеп танып, басқарушының әрекетін заңға қайшы деп бағалады.

«Бұл әрекеттер – мемлекеттік бюджет алдындағы міндеттемелерді орындамау және құрылтайшыға көмектесу мақсатында жасалған», – дейді Экономикалық тергеу департаменті.

Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.